Жарияланды: 480

Мәсімов интернетте өзін «Масяня» деп атайтынын біледі

Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов интернет-сайттарда өзін «Масяня» ник-нэймімен атайтынын біледі.

«Еркін интернетте кімді қалай атайтынын білемін. Маған кейбір сайттарда осы ник-нэйм жабысып қалғанын да білемін», - деді К. Мәсімов zakon.kzсайтындағы онлайн-конференцияда. Сондай-ақ, үкімет басшысы музыкаға «қатынасы ерекше» екенін айтты. «Мен аса музыкалық адам емеспін, әрқашан шыға бермейді. Бірақ тыңдағанды ұнатамын. Ұлттық музыканы өте жақсы көремін», - деді ол. Премьер Стингтің концертіне билет «алып үлгермегенін» жеткізді. Ол Стингтің болмаған концертіне билеттің ақшасын қайтаруды бақылауға алуға уәде берді. «Бұл мәселе бақылауға алынды: билеттің ақшасы қайтарылмағандарға қайтарылады», - деп сендірді ол. Үкімет басшысы үйінде жануар ұстамайтынын хабарлады. «Үйде жануарлар жоқ, өйткені оларды өзім қарай алмаймын. Кейде балаларым ондай тілек айтып жатады, бірақ әйелім екеуміз одан ары барған емеспіз», - деді К. Мәсімов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін