Мәсімов интернетте өзін «Масяня» деп атайтынын біледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәсімов интернетте өзін «Масяня» деп атайтынын біледі

Мәсімов интернетте өзін «Масяня» деп атайтынын біледі

Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов интернет-сайттарда өзін «Масяня» ник-нэймімен атайтынын біледі.

  • 15 Шiлде 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

«Еркін интернетте кімді қалай атайтынын білемін. Маған кейбір сайттарда осы ник-нэйм жабысып қалғанын да білемін», — деді К. Мәсімов zakon.kzсайтындағы онлайн-конференцияда.

Сондай-ақ, үкімет басшысы музыкаға «қатынасы ерекше» екенін айтты.

«Мен аса музыкалық адам емеспін, әрқашан шыға бермейді. Бірақ тыңдағанды ұнатамын. Ұлттық музыканы өте жақсы көремін», — деді ол.

Премьер Стингтің концертіне билет «алып үлгермегенін» жеткізді. Ол Стингтің болмаған концертіне билеттің ақшасын қайтаруды бақылауға алуға уәде берді.

«Бұл мәселе бақылауға алынды: билеттің ақшасы қайтарылмағандарға қайтарылады», — деп сендірді ол.

Үкімет басшысы үйінде жануар ұстамайтынын хабарлады.

«Үйде жануарлар жоқ, өйткені оларды өзім қарай алмаймын. Кейде балаларым ондай тілек айтып жатады, бірақ әйелім екеуміз одан ары барған емеспіз», — деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар