Мәсімов интернетте өзін «Масяня» деп атайтынын біледі

«Еркін интернетте кімді қалай атайтынын білемін. Маған кейбір сайттарда осы ник-нэйм жабысып қалғанын да білемін», - деді К. Мәсімов zakon.kzсайтындағы онлайн-конференцияда.

Сондай-ақ, үкімет басшысы музыкаға «қатынасы ерекше» екенін айтты.

«Мен аса музыкалық адам емеспін, әрқашан шыға бермейді. Бірақ тыңдағанды ұнатамын. Ұлттық музыканы өте жақсы көремін», - деді ол.

Премьер Стингтің концертіне билет «алып үлгермегенін» жеткізді. Ол Стингтің болмаған концертіне билеттің ақшасын қайтаруды бақылауға алуға уәде берді.

«Бұл мәселе бақылауға алынды: билеттің ақшасы қайтарылмағандарға қайтарылады», - деп сендірді ол.

Үкімет басшысы үйінде жануар ұстамайтынын хабарлады.

«Үйде жануарлар жоқ, өйткені оларды өзім қарай алмаймын. Кейде балаларым ондай тілек айтып жатады, бірақ әйелім екеуміз одан ары барған емеспіз», - деді К. Мәсімов.