Мәсімов Испания компанияларын Қазақстанға инвестиция салуға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәсімов Испания компанияларын Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

Мәсімов Испания компанияларын Қазақстанға инвестиция салуға шақырды

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов испаниялық компанияларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды.

  • 17 Маусым 2011
  • 398
Фото - Caravan.kz

«Сіздердің компанияларыңыздың Қазақстанға келуі, кооперацияға ұмтылыстары, бірлескен кәсіпорындар құру Қазақстанның ары қарайғы дамуына ғана емес, сонымен қатар, Испания экономикасының дамуын ынталандыруға да көмектеседі деп ойлаймын», — деді К. Мәсімов жұма күні Қазақстанда ресми сапармен жүрген испаниялық әріптесімен келіссөз барысында.

Сондай-ақ, ол Испания премьерінің сапары екіжақты қатынастарды дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.

Өз кезегінде Хосе Луис Родригес Сапатеро бұл оның Қазақстанға алғашқы сапары екенін атап көрсетті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Испания инженерия, қоршаған орта, көлік, құрылыс, ақпараттық технологиялар салаларында ынтымақтастығын кеңейте алады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.

Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан материалдарға сәйкес, 2011 жылдың қаңтар-наурызында өзара сауда көлемі $294,3 млн, оның ішінде экспорт $270,3 млн құраған.

Қазақстан Испанияға негізінен мұнай мен одан шығарылатын өнімдерді, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын, прокат пен қорғасын жеткізеді. Испаниядан импорттың негізін түрлі өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және медициналық жабдықтар, құрылыс материалдары мен металл конструкциялары құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар