Мәсімов Қазтест жүйесін енгізу үшін нормативтік актіні әзірлеуге және оны үкімет қарауына енгізуге тапсырма берді - kaz.caravan.kz
  • $ 525.87
  • 614.37
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәсімов Қазтест жүйесін енгізу үшін нормативтік актіні әзірлеуге және оны үкімет қарауына енгізуге тапсырма берді

Мәсімов Қазтест жүйесін енгізу үшін нормативтік актіні әзірлеуге және оны үкімет қарауына енгізуге тапсырма берді

Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін үкімет үйінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы үкіметінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 27 Қараша 2008
  • 624
Фото - Caravan.kz

Комиссия мүшелері мемлекеттік тілді дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру келешегін қарады.

Атап айтқанда, отырыс барысында «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңына толықтыру енгізу туралы ұсыныс және ҚАЗТЕСТ жүйесін ендіру жайы талқыланды.

Кеңеске қатысушылар біліктілік талаптарына сәйкес және мемлекеттік тілді белгілі көлемде білуге қажетті кәсіп, мамандық және қызметтердің тізбесін әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударды.

Комиссия мүшелері «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар жобаларын қарау туралы ұсынысты қолдады.

Премьер-министр үкіметтің 2009 жылға арналған заң жобалары жоспарына сәйкес комиссия мақұлдаған заңдар жобаларын енгізу туралы тиісті ведомстволардың басшыларына бірқатар тапсырма берді.

К. Мәсімов сондай-ақ ҚАЗТЕСТ жүйесін ендіру үшін нормативтік актіні әзірлеуге және оны үкімет қарауына енгізуге тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті