Жарияланды: 620

Мәсімов Семейдегі 1-ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығын тексерді

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов семейлік 1-ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығының сапасын тексерді, делінген Twitter-дегі жазбада.

«Семей. 1-ші ЖЭО. Қайта жөндеу. Қысқа дайындығын тексердім», - деп жазыпты К. Мәсімов сәрсенбі күні Twitter-дегі жеке парағына. «(Семейге - ҚазТАГ) сапары барысында ҚР премьер-министрі «Теплокоммунэнерго» МКК-сінің 1-ЖЭО-сында болды (жылу және электр қуатын өндіру). К. Мәсімов энергетикалық кешен кәсіпорындарының күз-қыс маусымына дайындық барысымен, соның ішінде, Семейді жылумен қамту жүйесін жаңарту және қайта жөндеу бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысты», - деп хабарлайды премьердің сайты. Ақпаратта атап көрсетілгендей, үкіметтің қаулысымен бекітілген Семейді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында биыл республикалық бюджеттен жоспарды жүзеге асыруға және су жылытатын қазандықтың бірінші және екінші кезектерінің құрылысын аяқтауға Т7 млрд-тан аса қаржы бөлінді. Бұрын хабарланғандай, былтырғы жылыту маусымында Семейдегі 1-ЖЭО-да 5 қаңтарда апат болды. 3 қазандықтың жұмысы тоқтатылды. 7 қаңтарда тағы 1 қазандық істен шықты. Қаланың сол жағалауында тұрғын үйлердегі температура +8-10 градустан аспады. Премьер-министрдің тапсырмасымен индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау бастаған республикалық комиссия апаттың себебін тексерді. А. Рау себептердің бірі ретінде жылу орталығының жылыту маусымына дайындығы сапасының төмен болғанын атады. Апаттан кейін Семейге жаңа әкім тағайындалды: «жылумен қамту нысандарын дайындау жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны, жылу көздерінің жұмысына тиісті бақылаудың болмағаны және апатты жағдайда шара қабылдамағаны үшін» қызметінен алынған Мейрамхат Айнабековтың орнына Айбек Кәрімов келді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін