Маска тағу тәртібі сақталады - Бас санитар - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маска тағу тәртібі сақталады - Бас санитар

Маска тағу тәртібі сақталады - Бас санитар

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова дүйсенбі, 17 тамыздан бастап қандай нысандар ашылатынын айтты.

  • 14 Тамыз 2020
  • 35
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Тұрғындарға қоғамдық орындарда, қызмет көрсету, демалысқа арналған үй-жайларда бетперде тағу жөніндегі талап сақталады", — деді Есмағамбетова ОКҚ-нің онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, карантин шараларын төмендетудің бірінші кезеңінде ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салу әлі де сақталады.

"Кеше комиссия отырысында халықтан көптеген сұрақ келіп түсті. Біз карантин шараларын жеңілдетсек, онда барлық нысанның қызметіне және барлық ойын-сауық шарасын өткізуге рұқсат береміз деген қате пікір бар. Тағы бір рет айтқым келеді, халықтың жиналуы және инфекцияның жұғуы мен таралуы тұрғысынан өте қауіпті барлық іс-шараға тыйым салынады", — деді Есмағамбетова.

Оның айтуынша, түнгі және ойын клубтары, бар, караоке, фуд-корт, кинотеатрлар және балалар мен ересектерге арналған барлық ойын-сауық орындарының жұмысына тыйым салынады.


Діни нысандар, мәдениет орындары, мұражайлар, бассейн, қалалық және қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер жұмыс істемейді, конференция, көрмелер мен форумдар өткізуге де тыйым салынады.