Мәскеу АҚШ-тың бұрынғы елшісінің Ресейге келуіне тыйым салды - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеу АҚШ-тың бұрынғы елшісінің Ресейге келуіне тыйым салды

Мәскеу АҚШ-тың бұрынғы елшісінің Ресейге келуіне тыйым салды

Ресей билігі АҚШ-тың Мәскеудегі бұрынғы елшісі Майкл Макфолдың елге келуіне тыйым салды.

  • 12 Қараша 2016
  • 665
Фото - Caravan.kz

Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында Макфол АҚШ президенті Барак Обаманың маңайындағыларға жақын болғаным үшін Кремльдің қырына ілінген болуым керек деп жазды. Оның болжамы бойынша, тыйым салынғанына біршама уақыт болған, ол туралы ақпарат Макфол қазір Ресейге бару үшін визаға өтініш берген кезде ғана белгілі болып отыр.

Майкл Макфол Стэнфорд университетінде дәріс оқиды. Ол 2012-2014 жылдар аралығында АҚШ-тың Мәскеудегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған.

2012 жылы АҚШ содан үш жыл бұрын Мәскеудің тергеу абақтысында «тұтқынға қатыгездікпен қарау» салдарынан қайтыс болған деп санайтын Hermitage Capital қорының заңгері Сергей Магнитскийдің өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген ресейліктерді санкциялық тізімге кіргізген. Оларға қаржы істері және виза мәселелері бойынша шектеулер енгізілген. Бұған жауап ретінде Ресей өз санкциялық тізімін жасап, оған АҚШ-тың кейбір азаматтарын енгізген.


Соңғы жаңалықтар