«Бірінші кездесуіміз барысында бүкіл мәселелерді қамтып шығуды ұсынамын. Күн тәртібінен түспейтін мәселелер қатарында энергетика, машина құрылысы саласындағы ынтымақтастық бар, бірқатар ірі жобалар да бар. Не атқарып үлгердік, тексеріп көрелік. Алдағы міндеттерді де талқылауға мүмкіндігіміз бар», деді Д.Медведев кездесудің басында.
Ал С.Ахметов Ресей премьер-министрінің қызметке тағайындалуына орай құттықтауын қабыл алып, ресейлік- қазақстандық қатынастардың ойдағыдай дамып отырғандығын атап өтті.