Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30-маусымнан 18-шілдеге дейін жалғасатын бұл курстар РФ Қарулы күштерінің Солнечногорск қаласындағы Жалпыәскери Академиясының «Выстрел» Оқыту орталығы , Ресей Ішкі Істер Министрлігі қызметкерлерінің Бүкілресейлік білім жетілдіру институтының БҰҰ бейбітшілік қорғау күштерінің құрамына арнап ішкі әскери жауынгерлерді дайындау және Ішкі істер органдарына арнап қызметкерлер дайындау жөніндегі Востряково қаласындағы орталығының базасында өтеді.
Курсанттар БҰҰ-ның бейбітшілік қорғау күштеріне өз жауынгерлерін жолдағалы отырған елдерден, атап айтсақ, Йемен, Қазақстан, Молдова, Монғолия, Руанда, Сальвадор, Сербия, Черногория және Хорватия мемлекеттерінен шақырылды.