Мәскеу кәсіпкерлері Қазақстан азаматтарын құлдыққа әкетіп отырған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеу кәсіпкерлері Қазақстан азаматтарын құлдыққа әкетіп отырған

Мәскеу кәсіпкерлері Қазақстан азаматтарын құлдыққа әкетіп отырған

Қазақстанның РФ-дағы консулдық бөліміне Мәскеуде құлдыққа түсіп, жұмыс істеп жүрген азаматтарымыз туралы ақпарат жиі келіп түседі.

  • 6 Қараша 2012
  • 402
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы еліміз СІМ-нің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлім етті.

«Мәскеудегі азық-түлік дүкендер желісінің қожайындары, Оңтүстік Қазақстан облысында туып, қазір РФ азаматтығын алған адамдардың жерлестерімізді заңсыз қанау мақсатында елден әкету фактілеріне қатысы бар деген ақпарымыз бар», — деді ол Астанада өткен брифингте.
А.Әбиболлаевтың айтуынша, аталған фактілер туралы ақпарат қазақстандық құқық қорғау орындарына жөнелтілді.
Сонымен қатар, «Қорған облысындағы фермерлік шаруа қожалығында құлдыққа жегілген Қазақстанның қос азаматы жүр» деген мәлімет келіп түсті, дейді ол.
Қазір Қазақстанның Омбыдағы консулдығы аталған ауданның тергеу орындарына жәбір көрген адамдардың азаматтығын анықтауды сұрап сауал жолдады. Егер олар Қазақстан азаматы болып шықса СІМ РФ құқық қорғау орындарынан күдіктілерді соттауды талап етпек.

Соңғы жаңалықтар