Мәскеу маңындағы ұшақ апатынан «Бірінші арна» телеарнасының қызметкері опат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеу маңындағы ұшақ апатынан «Бірінші арна» телеарнасының қызметкері опат болды

Мәскеу маңындағы ұшақ апатынан «Бірінші арна» телеарнасының қызметкері опат болды

Мәскеу маңында болған Истра су қоймасының үстінде тікұшақ пен гидроұшақтың соқтығысуы салдарынан опат болғандар арасында

  • 10 Тамыз 2015
  • 480
Фото - Caravan.kz

«Бірінші арна» телеарнасының қызметкері Елизавета Хакимова болған, деп хабарлайды РБК.

«Оқиға салдарынан ажал құшқандардың басым бөлігінің жасы 30-ға да жетпеген. Судан табылған 8 адамның мүрдесі танылды. Олардың ішінде Бірінші арна телеарнасының қызметкері Лиза Хакимова да бар. Биылғы қазан айында ол небәрі 27 жасқа толар еді», — деп хабарлады телеарнадан.

Е.Хакимова ақпараттық қызмет проюдсері ретінде қызмет еткен. 
Естеріңізге сала кетейік, Мәскеу маңында гидроплан мен Robinson тікұшағы 8 тамызда мәскеу уақыты бойынша сағат 20.06-да бір-бірімен соқтығысып қалған, салдарынан екеуі де суға құлаған. 
Тікұшақ бортында төрт адам,
ал ұшақ бортында бес адам болған.
Тергеушілер апат себебінің бір нұсқасы ретінде ұшқыштардың бірінің қателігін айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар