«Мен Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Астанадағы филиалын ұлғайту жөніндегі ұсыныспен келдім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев менің бұл ұсынысына үлкен қызығушылық танытқандай болды»,- деді ол. В.Садовничийдің айтуынша, филиалдың қазіргі бар төрт факультетіне (физика-математика, экономика, филология, есепті математика және кибернетика) тағы бір факультет, нақтырақ айтсақ, экология факультеті қосылады. Сондай-ақ, В.Садовничийдің пайымдауынша, «ғылыми ынтымақтастық аясын да кеңейту талабы тұр».
Оның айтуынша, қазір университеттің Астанадағы филиалында 300 студент оқып жатыр. Оларға Мәскеу Мемлекеттік Университетінің оқытушылары дәріс оқиды. Оқу аяқталғаннан кейін филиал түлектері бір жыл Мәскеуде тәжірибеден өтеді.