Сөйтіп 36 қазақстандық жастар Мәскеу мемлекеттік университетінің «бакалавр-экономист» деген мамандық беретін дипломдарын алды. 10 адам үздік дипломға ие болса, 16 адам диплом жұмыстары мен мемлекеттік емтихандарын «өте жақсы» деген бағаға қорғап шықты.
«Университет оқытушылары дипломдарды табыс ету барысында бұл — шетелдік түлектер арасындағы биылғы ең жоғары жетістік екенін атап өтті»,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2000-жылы ашылған. 2001-жылы таңдаулы білім ордасы алғашқы студенттерін қабылдады.
Филиалға оқуға түскен еліміздің жастары 3-ші курсқа дейін Астанада оқып, арықарай білімін Мәскеуде шыңдайды. Олар диплом жұмыстарын осы жерде қорғайды.
Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының іс -қызметі мен онда алғашқы түлектердің өмірге жолдама алуы Қазақстан мен Ресей арасындағы білім беру және ғылым салаларындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тағы бір айқын дәлел болды, дейді елшіліктегілер.