Келіссөздер барысында тараптар құқықтық-нормативтік және картографиялық материалдар негізінде Ақтөбе және Орынбор облыстарының шекаралық аймақтарындағы үш учаске арқылы өтетін мемлекеттік шекара сызығының жобасын келісті.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекара сызығын белгілеу жөніндегі үкіметаралық өкілдердің 21-отырысы Санкт-Петербург қаласында болып өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.