Мәскеу метросында «Алматы» деп аталатын жаңа бекет ашылды
|
Бүгін Мәскеу метросында «Алматы» деп аталатын жаңа бекет ашылды! Братеево ауданында іске қосылған жерасты жолы шаһар бойынша 187-ші станция екен.
Естеріңізде болса, жыл басында қала тұрғындары Замоскворецк бағытындағы метро бекетін «Алматы» деп атауға қарсылық білдіріп, түрлі акциялар ұйымдастырған еді. Алайда, жергілікті шенділердің уәдесі бойынша ұзаққа созылмай «Алматы» бекеті ақыры бүгін ашылды. Айта кетейік, Мәскеуде бекеттердің бірін осылайша атауға Қазақстан мен Ресей тараптары уағдаласқан болатын. Келісімге сәйкес, Алматы метрополитенінде де «Мәскеу» бекеті салынып жатыр. «Алматы» бекеті 1941 жылы Алматыда жасақталған атақты Панфилов дивизиясының ерен еңбегінің құрметіне берілген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін