Қолжазба бұған дейін беймәлім болып келген. Бұл туралы бүгін М. Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық басылымының таныстырылымында М.Әуезов мұражай үйінің директоры Диар Қонаев айтты.
«Киносценарий 50 томдық академиялық басылымды құрастыру барысында Ташкент, Мәскеу қалаларындағы мұрағаттардан Мұхтар Әуезовке қатысты деректер іздеу кезінде табылды. «Үш тілек» деп аталатын киносценарий өкінішке орай қойылмай, мұрағатта қалған. Сценарий қазақтың ауыз әдебиеті негізінде жазылған. Мұрағатта үш түрлі нұсқасы сақталыпты»,- дейді Д.Қонаев.
Аталған құнды қолжазба бүгін таныстырылымы өткен 50 томдық академиялық басылымға енгізілген.