«Мемлекетаралық операциялардың нәтижесінде 17-мамырда Одинцово қаласында Қырғызстан, Қазақстан және Ресей аумағында тапсырыспен кісі өлтіруге қатысты бірқатар қылмыстарды жүзеге асырған күдікті ретінде мемлекетаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы — жалдамалы жан алғыш ұсталды»,- деді Б.Қожахметов.
Оның түсіндіруінше, тұтқын 2003-жылдан бері Ресей аумағында жасанды Ресей төлқұжатымен өзіне тағылған тағы бір кісі өлімінен кейін жасырынып жүрген.
«Ал осы адамның Қазақстан мен Ресей аумағында жасаған қылмыстарына келсек, олар жайында қазір біз ақпарат бере алмаймыз. Өйткені, оған қатысты қылмыстық іс аяғына дейін тексерілуге тиіс. Жалғыз айта алатыным, 2003-жылдың қараша айында ол Қырғызстан азаматы Исаевты Бішкекте тапсырыспен өлтірген»,- деді Б.Қожахметов. «Қазақстан мен Ресей аумағында да ол осындай бірнеше қылмыс жасаған. Бірақ олар туралы біз істі сотқа тапсырған сәтте толық айта аламыз»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті