Жарияланды: 400

Мәскеу тұрғындары Назарбаевтан қоныстануына көмектесуді сұрауда

Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне берілу көзделген Мясницкий көшесі мен Чичтопрудный бульварындағы екі үйдің жүзден астам тұрғыны Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өздеріне басқа баспана беру мәселесін шешу туралы өтініш білдірді, деп бүгін «Известия» газеті жазады.

Мәскеу орталығындағы екі көппәтерлі үйдің тұрғындары Н.Назарбаевқа 1990 жылдың аяғынан бері әлі шешілмей келе жатқан қоныстандыру мәселесіне нүкте қою туралы өтініш білдірген. «Сізден Қазақстан Республикасының бюджетінен қаржыландыру жоспарланған Мясницкий көшесіндегі N30 үй мен Чистопрудный бульварындағы N1А үйдің тұрғындарын көшіруге жол бермеуді өтінеміз», - делінген жүзден астам тұрғынның қолы қойылған мәлімдемеде. Тұрғындар нотариалды түрде бекітілген келісімге сәйкес таңдап алынған тұрғын үйге көшіру жақында жүзеге асуы тиіс болғанын айтады. Алайда, дейді тұрғындар, осыдан кейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ғалым Орабақов себебін түсіндірместен көшіру мәселесін тоқтатқан, ал көп ұзамай елшіліктің ісін басқарушы Талғат Тұрлыбаев қоныстану тоқтатылғанын, енді жалғаспайтынын айтқан.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін