Мәскеуде 15 мың шаршы метрді жалмаған алапат өрт ауыздықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде 15 мың шаршы метрді жалмаған алапат өрт ауыздықталды

Мәскеуде 15 мың шаршы метрді жалмаған алапат өрт ауыздықталды

Өрт сөндірушілер Мәскеудің солтүстік-батысында Тушинский машина жасау зауытының аумағында болған алапат  жалынды ауыздықтады.

  • 11 Желтоқсан 2015
  • 320
Фото - Caravan.kz

Ресей БЖМ Мәскеу бойынша  ММ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес жалын 15 мың шаршы метр алаңды шарпыды.

«Зауыт аумағындағы тұрмыстық химия қоймасындағы өрт  сағат 01:36-да   сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады ведомстводан.

Бес қабатты ғимараттағы жалынды ауыздықтау 5 сағатқа созылды. Оқиға орнында өрт зертхана сарапшылары жұмыс істеуде, олар қызыл жалынның шығу себебін анықтайтын болады.

Мәскеуде осы тәрізді жағдай 2006 жылғы 14 мамырда орын алған, онда фармацевтика қоймасы өртке оранған болатын, деп хабарлады ТАСС. Ол кезде өрт алаңы 15 мың шаршы метрді құраған.


Соңғы жаңалықтар