Мәскеуде 24 жасар Қазақстан азаматын өлтіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде 24 жасар Қазақстан азаматын өлтіріп кетті

Мәскеуде 24 жасар Қазақстан азаматын өлтіріп кетті

Мәскеуде қазақстандық азамат, 24 жасар Ернұр Әлиев өлтірілді, деп ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

  • 28 Маусым 2011
  • 480
Фото - Caravan.kz

«Мәскеуде Ернұр Әлиев пышақтап өлтірілді. Оның денесі таңертең табылды. Қазір тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс қозғалды. Қазақстан елшілігі Мәскеудегі Басман аудандық ішкі істер бөлімінің оперативтік іздестіру тобымен байланыс орнатты», — деді І. Омаров дүйсенбі күні ҚазТАГ тілшісінің сауалына жауап беріп.

Сонымен қатар ол ҚР азаматына скинхедтер шабуыл жасауы мүмкіндігін теріске шығарды.

«Жоқ, ондай болжам дұрыс емес. Бұл жерде, тергеудің алғашқы қорытындысы бойынша адам өлімі тұрмыстық жанжалдан туындаған. Бұл скинхедтер емес», — деп атап көрсетті І. Омаров. Бұл ретте ол шабуыл орын алғанын, бірақ шабуыл себептері белгісіз екендігі атап өтті.

Оның айтуынша, Е. Әлиев Мәскеуде оқып жүрген. Қазір туыстары Мәскеуге аттанды. Елшілік оларды қарсы алып, мәйітті елге аттандыру мәселесінде көмек көрсетуде», — деді ол.

Өлтірілген қазақстандықтың әкесі – Жұматай Әлиев Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) төраға орынбасары, қазір ҚХА мүшесі, «Тұрақты Қазақстан» қоғамдық қорының басшысы.

Соңғы жаңалықтар