Мәскеуде ақындар айтысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.96
  • 533.03
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде ақындар айтысы өтті

Мәскеуде ақындар айтысы өтті

Қазақстандағы Республика күні қарсаңында Мәскеудегі Ескі Арбат көшесінде қазақ ақындарының айтысы өтті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстанның Ресейдегі елшілігінен хабарлады.

  • 22 Қазан 2004
  • 656
Фото - Caravan.kz

Әділ қазылар алқасының құрамына Мырзатай Жолдасбеков, Өмірзақ Сәрсенов, мәжіліс депутаты Нұртай Сәбильянов, ақын-публицист Ұлықбек Есдәулет сынды елімізге танымал адамдар енді.

Айтыс кешін ашқан Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшісі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, 10 мыңдай қазақ тұратын Мәскеуде ақындар айтысын өткізуге мүмкіндік туындауы екі ел халықтары арасындағы достықтың нығая түскеніне, екі арадағы мәдени байланыстардың бекігеніне дәлел бола алады. Сонымен бірге бұл мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін жаңғырта насихаттауға бағытталған табысты саясатының бір белгісі болмақ.
Айтысқа Қазақстанның әр түкпірінен 12 ақын қатысты. Айтыскер ақындар арасынан Аманжол Әлтаев (Астана), Оралова Кәрима (Шымкент), Имашев Балғымбек (Астана) және Бердалин Армандар (Кокшетау) жеңімпаз атанды.
Қазақстанның ұлттық мерекесі қарсаңында Мәскеуде шетелдерде тұратын қандастармен байланысты нығайтуға бағытталған бұдан басқа да маңызды оқиғалар өтті, делінген елшіліктің хабарламасында. Мәселен, елшіліктің жанындағы мәдени орталықта қазақ тілін оқыту дәрісі ашылды. Республика күніне бағышталған шахмат сайысы өткізілді. Оған жергілікті диаспора, қазақстандық студенттер мен елшілік өкілдері арасынан 16 адам қатысты.