Мәскеуде Астана әкімшілігінің бұрынғы өкілі атып өлтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде Астана әкімшілігінің бұрынғы өкілі атып өлтірілді

Мәскеуде Астана әкімшілігінің бұрынғы өкілі атып өлтірілді

Ресейде Астана әкімшілігінің бұрынғы өкілі Ибрагим Жұмалиев атып өлтірілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен бүгін, 23-қыркүйекте хабарлады.

  • 23 Қыркүйек 2004
  • 325
Фото - Caravan.kz

Қазақстан азаматы И.Жұмалиевті белгісіз біреулер 22-қыркүйек күні кешке Ружейный переулок көшесіндегі өз үйіне кіре берісте атып кеткен.

Ресейдегі Қазақстан елшілігінің ақпаратына сәйкес, қаза тапқан адам Мәскеуде жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Ал бұдан бұрын ол елшілікте Астана әкімшілігінің өкілі ретінде аккредитацияланыпты. Осыған байланысты оның дипломатиялық төлқұжаты болған. Бірақ, өкілдік құқығынан айрылғаннан кейін ол төлқұжатын тапсырмаған екен. Қаза тапқан адамның қалтасынан табылған төлқұжат Ресей БАҚ-тарының И.Жұмалиевті елшілік қызметкері деп жариялауына себепкер болды.
Сондай-ақ, елшілік хабарламасында атап көрсетілгеніндей, Қазақстан елшілігі Мәскеу қалалық ІІББ-ына аталмыш оқиғаның мән-жайы туралы хабардар етіп отыру туралы өтініш жолдады.

Перейти к новостям спорта