Мәскеуде автобус жаяу жолаушыларды қағып өтті, құрбандар бар - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде автобус жаяу жолаушыларды қағып өтті, құрбандар бар

Мәскеуде автобус жаяу жолаушыларды қағып өтті, құрбандар бар

Мәскеуде қоғамдық автобус жерасты өткеліне өтетін баспалдақпен кетіп бара жатқан адамдарды қағып өтті. Ресми мәлімет бойынша, төрт адам қаза тауып, 11-і жараланған.

  • 26 Желтоқсан 2017
  • 141
Фото - Caravan.kz

Оқиға "Славянский бульвар" метросы жанындағы Кутузов даңғылында болған. Автобус жүргізушісі ұсталды. Тергеу кезінде ол апатқа ұшыраған автобусқа бірінші рет отырғанын айтқан. "Мен тежегішті босатып едім, автобус жүріп кетті. Мен тоқтату үшін қолымнан келгеннің бәрін істедім. Бірақ тоқтамады. Автобус автомат, сол себептен мен ешнәрсе істей алмадым", – деген жүргізуші Life паблик Mash порталына.

Полиция жүргізуші көлікті басқара алмаған не көлік істен шыққан деген болжам жасап отыр. "Мострансавто" мемлекеттік кәсіпорын өкілдері автобустың 2017 жылы шыққанын, рейс алдында тексеруден өткенін айтып отыр. Ал жүргізушінің 30 жылдық тәжірибесі бар, компанияда 2000 жылдан бері жұмыс істеген.

Кутузов даңғылындағы оқиғадан кейін, Мәскеудегі барлық жолаушылар көлігі тексеріле бастады.


Соңғы жаңалықтар