Бұл саммит журналистердің БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннанмен қаңтар айындағы кездесуінің жалғасы болмақ. Онда әлемдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарын үлкен қарқынмен етек жайып келе жатқан осынау індетке қарсы күресте күш біріктіруге шақыратын «Бұқаралық ақпарат құралдарының СПИД саласындағы ғаламдық бастамасы» атты халықаралық акцияның тұсауы кесілді.
Саммитте бұқаралық ақпарат құралдарының назарын Шығыс Еуропа және Орталық Азия аймағында ВИЧ/СПИД-ке қатысты қалыптасып отырған ахуалға аудару басты міндет ретінде қойылмақшы. Бас қосу қорытындысы бойынша декларацияға қол қойылып, тікелей интернет-эфирде баспасөз мәслихаты өткізіледі. Бас қосуға ТМД елдерінің жетекші БАҚ-тарының басшылары қатысуда.