Мәскеуде белгісіз біреулер Сорос-Россия қорының ғимаратын басып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде белгісіз біреулер Сорос-Россия қорының ғимаратын басып алды

Мәскеуде белгісіз біреулер Сорос-Россия қорының ғимаратын басып алды

Әскери камуфляждық киім киген белгісіз біреулер "Ашық қоғам" институтының (Сорос-Россия қорының) Мәскеудегі ғимаратын басып алды. Бұл оқиға кеше, 6-қарашада түнгі 22 сағат 30 минутта болды деп хабарлайды "Эхо Москвы" радиостанциясы.

  • 7 Қараша 2003
  • 476
Фото - Caravan.kz

Қордың заңгері Павел Кузьминнің айтуынша, ғимаратқа камуфляждық киім киген 30 адам басып кіріп, кеңседе отырған 5 қызметкер мен 3 күзетшіні қамауға алған. Олармен бірге келген жастар қаржылық және заңдық сипаттағы құжаттарды жинап, ғимараттан шығара бастаған.

П.Кузьминнің айтуынша, ғимаратты басып алушы топты Кантемир Карамзин басқарады. Ол бірнеше жылдан бері арбитраждық сот арқылы аталмыш ғимаратқа иелік ету жөнінде Сорос-Россия қорымен дауласып жүрген болатын.
Сотта қордың мүддесін қорғаған заңгер Дмитрий Ловаревтің болжамына жүгінсек, бұл әрекет қордың ғимаратты біржола сатып алуды жоспарлауына байланысты болуы мүмкін.
Қор қызметкерлерінің ақпараты бойынша, оқиға орнына келген милиция қызметкрлері бұл оқиғаға «шаруашылық дау» ретінде баға беріп, қандайбір шара қолдануға құлық танытпаған, тіпті әлгі беймәлім адамдардың құжаттарын да тексермепті.
Сорос-Россия қорының заңгерлері қор ғимаратын басып алу жөнінде құқық қорғау мекемелері мен прокуратураға шағым түсірмекші.

Соңғы жаңалықтар