Мәскеуде Димашқа жасалған ерекше құрмет. "Басков мына көріністі көрсе, жүрек талмасы ұстап, құлайтын шығар" - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде Димашқа жасалған ерекше құрмет. "Басков мына көріністі көрсе, жүрек талмасы ұстап, құлайтын шығар"

Мәскеуде Димашқа жасалған ерекше құрмет. "Басков мына көріністі көрсе, жүрек талмасы ұстап, құлайтын шығар"

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Сочиде өткен халықаралық “Жаңа толқын” байқауынды сілкініс жасады.

  • 7 Қыркүйек 2018
  • 406
Фото - Caravan.kz

Жас әртіс байқауда құрметті қонақ ретінде “А-Студио” тобының “Грешная страсть” әнін шырқады.

Байқауда Димашпен “МузТВ” арнасының директоры Арман Давлетияров танысты. Ол Димаштың таланттылығын атап өтті.

“Ол өнерімен біздің ресейліктерді баурап алды. Эстрада патшасы Филипп Киркоров Димаштың өнерін жоғары бағалады”,  – деп жазды Давлетияров парақшасында.

Сазгер Игорь Крутой мен Ани Лорак орнынан тұрып, Димаштың өнеріне қошемет білдірді. Димаш жастарды өнерімен сусындатқан  “А-Студио” тобына алғысын айтты. Димаштың тыңдармандары гүл шоқтарын беруге сахнаға ұмтылды.

“Басков мына көріністі көрсе, жүрек талмасы ұстап құлайтын шығар”, – деп әзілдеді концерт жүргізушісі Тимур Родригез.

Николай Басковтың өзі Арман Давлетияровтың жазбасына пікір білдіріп, Димаштың “керемет әнші” екенін айтты.


Желі қолданушылары “Ресейдің алтын дауысы” Николай Басковқа Димашпен дуэт жазуға кеңес берді. Тыңдармандары Димашты концерттен кейін де біраз уақыт жібергісі келмеді.

Димаш қалаға келмес бұрын көшеде билборд пен афишалар ілінген еді.

 

Соңғы жаңалықтар