Мәскеуде еліміздің әр өңірінен жиналған 200-ге жуық компания және фирмалардың қатысуымен Қазақстанның ұлттық көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде еліміздің әр өңірінен жиналған 200-ге жуық компания және фирмалардың қатысуымен Қазақстанның ұлттық көрмесі өтеді

Мәскеуде еліміздің әр өңірінен жиналған 200-ге жуық компания және фирмалардың қатысуымен Қазақстанның ұлттық көрмесі өтеді

Ресейдегі Қазақстан жылына арналған шаралар аясында тамыздың 14-17 аралығында Мәскеудегі Бүкілресейлік көрме орталығы аумағында Қазақстанның ұлттық көрмесі өтеді. Оған еліміздің әр өңірінен жиналған 200-ге жуық компания және фирмалар қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 8 Тамыз 2003
  • 736
Фото - Caravan.kz

Көрмеде Қазақстанның экономика, ғылым және технология саласындағы жетістіктерінен, қазақ халқының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін ұлттық дәстүр және аспаздық өнеріне, сондай-ақ, қазіргі заманғы көркемсурет және декоративті-қолданбалы өнер туындыларынан құралған кең көлемді тақырыптық экспозициялар қойылған. Ал көрменің «Жылу-энергетикалық кешен және мұнайгаз ресурстары», «Тау-кен металлургиялық кешен», «Машина жасау және металл өңдеу», «Көлік және коммуникация» , «Банк-қаржылық қызмет.Сақтандыру» , «Ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібі», «Құрылыс және сәулет өнері», «Ғылым және технологиялар» тәрізді тақырыптық бөлімдерінде еліміздің жетекші кәсіпорындары өз өнімдерін назарға ұсынады.

14-тамызға белгіленген көрменің ресми ашылу рәсіміне ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов пен РФ үкімет басшысы Михаил Касьянов қатысады деп күтілуде.
Көрмеге Павлодар облысынан аймақтағы маңдай алды 11 кәсіпорын қатысады. Олардың арасында «Қазақстан алюминиі » ААҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Еуразиялық Энергетикалық корпорациясы» ААҚ, ГРЭС-2, «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС, «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖАҚ, «Қазэнергокабель » ААҚ, «Грань» ЖШС, «Энергия» МФХ ЖШС, «Жеті ағайын» Сауда-өндірістік кешені ЖШС, «Роса» ААҚ, сондай-ақ, С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті бар. Бұл кәсіпорындардың табыстары ақпараттық тақталар, макеттер мен бейнефильмдер арқылы паш етіледі.
Павлодарлық өкілдердің құрамында «Орыс оюлары» фольклорлық ансамблі мен Ербол Айтпаев және Гүлжан Қайырбекова сынды әншілер бар. Павлодар аудандық әкімшілігі көрмеде жергілікті шеберлердің қолынан шыққан 57 тұрмыстық бұйымдармен безендірілген қазақ киіз үйін тіккелі отыр.