Алдағы бас қосудың күн тәртібіне Ресей мен Қазақстан арасындағы кедендік қарым-қатынас мәселелері енгізілген. Сонымен бірге кездесуге қатысушылар пайдалы іскерлік байланыстар орнатып, кедендік тәртіптерді одан әрі жетілдіру перспективаларына қатысты өз біліктілік деңгейін арттырумен бірге болашақ мүмкіндіктр шеңберінде өздерінің бизнес-жоспарларының бағыттарын кеңейте алады.
Кездесуге екі елдің кеден қызметтері мен мүдделі министрлік және мекемелерінің, сондай-ақ, іскерлік қауым өкілдері мен аталмыш сала мамандары қатысады.
«Ресейдің Федералдық кеден қызметі мен Қазақстанның кедендік бақылау комитетінің басшылығы бизнес-кездесу өткізу жөніндегі бастаманы қолдап, бұл мүмкіндікті екі жақтың мүдделі тараптары арасында конструктивті пікір алмастық орнату мақсатында пайдалануға пікір білдірді»,- делінген хабарламада.
ЕурАзЭҚ баспасөз қызметінен хабарлауынша, мұндай кездесулер «кедендік мекемелер мен іскерлік өкілдері тарапынан проблеманы тереңінен түсінуге түрткі болып, олардың ЕурАзЭҚ аясында біртұтас кедендік кеңістік құру ісі бойынша ортақ көзқарас қалыптастыруы мен осы саладағы ахуалды жақсарту жолдарын іздестіруіне септігін тигізбек».
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті