Мәскеуде ЕурАзЭҚ аясындағы сақтандыру саласын қадағалау органдарының интеграциялық ынтымақтастық мәселесі талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде ЕурАзЭҚ аясындағы сақтандыру саласын қадағалау органдарының интеграциялық ынтымақтастық мәселесі талқыланды

Мәскеуде ЕурАзЭҚ аясындағы сақтандыру саласын қадағалау органдарының интеграциялық ынтымақтастық мәселесі талқыланды

Бүгін, 27-мамырда Мәскеуде ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы сақтандыру саласын қадағалау және сақтандыру қызметін реттеу органдарының жетекшілері кеңесінің кезекті жиыны болды. Онда ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің сақтандыру саласын қадағалау органдары арасындағы ықпалдастық мәселесі сарапқа салынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ұйымның баспсөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Мамыр 2005
  • 434
Фото - Caravan.kz

Отырысқа қатысушылар ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің сақтандыру қызметін көрсету рыногының ахуалы төңірегінде пікір алмасты. Сонымен бірге кездесуде сақтандыру қызметін көрсету рыногының ахуалы туралы статистикалық ақпараттарды жария ету ережелері бекітілді. Мемлекеттік сақтандыру жүйесіне арнап мамандар дайындау және оқыту бағдарламаларының жобасы дәйектеліп бекітілді.

Бұған қоса кеңесте ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің аумағында автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершілігін сақтандырудың халықаралық жүйесі туралы мәселе талқыланды.
Кеңестің жауапты хатшысы Лариса Железнованың хабарлауынша, кеңестің келесі жиналысына дейін ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің аумағында автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершілігін сақтандырудың халықаралық жүйесін құруға бағытталған шаралар жоспарын әзірлеуге шешім қабылданған.
Кеңестің кезекті жиыны 2005-жылдың аяғында Алматыда өтеді деп межеленді.

Перейти к новостям спорта