Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының кезекті отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының кезекті отырысы өтуде

Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының кезекті отырысы өтуде

Бүгін, 15-тамызда Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының кезекті 31- отырысы өтуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі РФ экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Тамыз 2005
  • 365
Фото - Caravan.kz

Отырыстың күн тәртібіне ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің интеграциялық ынтымақтастығының түрлі қырларына қатысты 30-дан астам мәселе енгізілген.

Әсіресе Қоғамдастыққа мүше елдердің сыртқы сауда саласындағы талаптары мен шараларын үйлестіруге бағытталған халықаралық келісімдердің жобасын қарауға баса назар аударылмақ. Атап айтар болсақ, Қоғамдастыққа мүше-елдердің тарифтік емес реттеуге бағытталған біртұтас шаралары туралы келісімнің жобасы; ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдердің экспорттық, импорттық және тарифтік квоталарды пайдаланудың біртұтас тәртіптері туралы хаттаманың жобасы; ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдер тарапынан үшінші елдермен сауда-саттықта арнаулы қорғаныстық, антидемпингтік және өтемдік шараларды қолдану тәртіптері туралы келісімнің жобасы; экспорттық бақылау аясына жататын тауарлар мен технологияларды шығаруға байланысты сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруға лицензия рәсімдеу тәртіптерінің жобасы; ЕурАзЭҚ-қа мүше-елдерде техникалық, санитарлық, мал дәрігерлік және фитосанитарлық талаптар мен шараларды қолдану туралы келісімнің жобасы.
Сонымен бірге тараптардың валюталық реттеу, валюталық бақылау және көлік саясаты саласындағы ынтымақтастығына қатысты мәселелер қаралады деп жоспарланған.

Перейти к новостям спорта