Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының отырысы өтуде

Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының отырысы өтуде

МӘСКЕУ. 4-тамыз. Kazakhstan Today. Мәскеудегі ЕурАзЭҚ үйінде ЕурАзЭҚ-тың жанындағы тұрақты өкілдер комиссиясының отырысы өтуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қоғамдастықтың баспасөз қызметі хабарлады.

  • 4 Тамыз 2006
  • 442
Фото - Caravan.kz



Күн тәртібінде қоғамдастыққа мүше алты елдің интеграциялық ықпалдастығына қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы қаралады. Атап айтсақ, өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру, сондай-ақ, техникалық реттеу, санитарлық, мал дәрігерлік және фитосанитарлық шаралар саласы бойынша ЕурАзЭҚ-тың ақпараттық жүйесін құру, қоғамдастықтың шекаралық мекемелерінің сыртқы шекараларда дағдарысты ахуалдар туындаған жағдайдағы ықпалдастығы туралы келісімдердің жобасы талқылануда.

Отырысқа қатысушылар ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің отын-энергетикалық кешендерін 2020-жылға дейін дамыту стратегиясының жобасын жасау төңірегінде пікір алмасып, Кедендік одаққа мүше елдердің сыртқы шекараларындағы өткізу бекеттерін жайластыру жөніндегі 2001-2005-жылдарға арналған бірлескен мақсатты бағдарламаның жүзеге асырылу барысын сарапқа салады.

Отырысқа ЕурАзЭҚ-тың бас хатшысы Григорий Рапота қатысуда.

Перейти к новостям спорта