Мәскеуде «Қазақфильм» түсірген үздік туындылар көрсетіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде «Қазақфильм» түсірген үздік туындылар көрсетіледі

Мәскеуде «Қазақфильм» түсірген үздік туындылар көрсетіледі

26 наурызда Мәскеуде «Кино друзей» фестивалі аясында қазақ киносының күні ұйымдастырылады. Онда соңғы уақытта Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген үздік фильмдер көрсетіледі.

  • 18 Наурыз 2011
  • 650
Фото - Caravan.kz

«Кино друзей» фестивалі 24-27 наурыз күндері Ресей астанасында өтеді, әрі ешқашан бірыңғай кинематографиялық кеңістікте болмаған елдердің фильмдері көрсетіледі. Осыған қарамастан, оған бұрыңғы Кеңес Одағының көптеген елдері қатысады. Дегенмен, Қазақстан көрсетілімге арнайы күн бөлінген жалғыз ел болып отыр.

«Бізде Грузия мен Украина фильмдері бір күнде, Балтық елдерінің киносы екінші күні, Еуропа елдерінің киносы үшінші күні көрсетіледі. Біз тек қазақстандық кинематографияға ғана жеке күн арнауды шештік. Оның себебі көп, соның бірі сіздің кинематографтарыңыздың жемістілігі. Біз де ең үздіктерін таңдап алуға тамаша мүмкіндік болды. Біздің көзқарасымызша: Қуат Ахметовтың «Сіз кімсіз, Ка мырза?», Сәбит Құрманбековтің Жерар Депардье түскен «Кешіккен махаббат», Ардақ Әмірқұловтың «Қош бол, Гүлсары!» фильмдері. Барлығы 9 сеанс жоспарлануда. Осы уақытта шамамен ондаған қазақстандық туынды көрсетіледі», — дейді кинофестиваль директоры Екатерина Кириллова.

Оның атап өтуінше, бұдан бөлек кинофестиваль аясында Қанағат Мұстафиннің «Ұмтылыс» фильмі, сондай-ақ «Қазақфильм» киностудиясы түсірген бірқатар деректі фильмдер де көрсетілмек.

«Біз шамамен 2000 адам көреді деп болжап отырған көрермендер қазақ киносына тәнті болуға мүмкіндік алады», — деді фестиваль директоры.

Перейти к новостям спорта