Кездесуде екі елдің қор рыногына кәсіби қатысушыларды өзара алмастыру, құнды қағазардардың эмиссиясын бір-бірінің рыногына шығаруды ұйымдастыру, қор рыноктарын дамыту саласы бойынша Қазақстан мен Ресейдің өзара ықпалдастығы туралы мәселелер талқыланады.
Клубтың жиынына ҚР парламентінің мәжілісі мен РФ Мемлекеттік думасының депутаттары, қор рыногының жұмысын реттеуші қазақстандық және ресейлік мемлекеттік мекемелердің жетекшілері, қор рыногының кәсіби қатысушылары атсалысады.