Екі елдің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Тараптар екіжақты негізде де, ДДСҰ, ТМД, ЕАЭО және басқа да халықаралық ұйымдар аясында да негізгі мәселелер бойынша ұстанымдардың жақындығын және өзара тығыз қарым-қатынасты атап өтті, деп хабарлайлы Caravan.kz медиа порталы Ресейдегі Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап.
Кездесуде коронавирустық пандемияның салдарымен күресу бойынша бірлескен шараларға жоғары баға берді. Ермек Көшербаев індет басталған кезде Қазақстанға ресейлік дәрігерлер бригадасын жібергені үшін алғысын білдірді. Олардың дер кезінде көмек көрсетуі елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға үлкен үлес қосты.
Медициналық білім беру, кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, тағылымдамадан өту, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, радиофармацевтика, ортопедия және трансплантация саласындағы жобаларды жүзеге асыру болашағы талқыланды. Ресейде Қазақстанға қызықты болуы мүмкін тиісті технологиялар мен жобалар бар.
Кездесу қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын тереңірек зерделеу және ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді.