Көрменің ашылуында сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов «бұл қадамдардың барлығы Ресей және Қазақстан халықтарының достығын нығайтуға бағытталады»,- деп атап көрсетті. Үкімет басшысы «қазақ халқы мәдениетінің арқау-негізін танып білуге деген құлшынысы үшін» ресейліктерге ризашылық білдірді.
Көрмеге еліміздің әр өңірінен жиналған әртүрлі 200 компания қатысуда. Көрме аясында еліміздің барлық облыстарының тұсаукесерін өткізу межеленген.
Көрме 17-тамызға дейін жалғасады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін, 15-тамызда Д.Ахметов Ресейдің үкімет
басшысы Михаил Касьяновпен жүздеседі.