Мәскеуде Құранның сирек кездесетін даналарының көрмесі ұйымдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде Құранның сирек кездесетін даналарының көрмесі ұйымдастырылды

Мәскеуде Құранның сирек кездесетін даналарының көрмесі ұйымдастырылды

Таяуда ашық есік күндерін өткізген Мәскеу ислам университетінде жұрт Құранның сирек кездесетін даналарын тамашалады.

  • 9 Сәуiр 2013
  • 428
Фото - Caravan.kz

Жәдігерлердің арасында ХХ ғасырдың бас кезінде көшірмесі жасалған баға жетпес «Осман Құраны» да болды, деп хабарлайды muslim.kz.

Мәскеу Соборлық мешіті жанына құрылған медресе директорының орынбасары имам Марат Аршабаев жұртшылықты Қасиетті Құранның тарихымен таныстырды.

«Осман Құраны» я болмаса «Самарқандық куфалық Құран» — осы күнге дейін сақталған ең ежелгі қолжазба болып табылады. Баға жетпес бұл қолжазбада Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) сенімді серіктерінің бірі, үшінші халифа Османның (р.а.) қаны төгілген жері қарайып тұр. Қасиетті Құранның бұл көшірмесі Ташкенттегі Тилла Шайх мешітінде көздің қарашығындай сақталып тұрғанын айта кету керек.

Аталмыш шараның аясында осынау келелі де киелі іске ұйытқы болған Мәскеу Ислам университетіне Иорданияда басылып шыққан, піл сүйегімен және асыл тастармен көмкерілген Құранның данасы тарту етілді. Дәл осы Құранды 1994 жылы Мәскеу жоғарғы діни ислам колледжінің ашылу салтанатына орай Иран елшісі сыйлыққа беріп, жұртшылыққа таныстырған болатын. Кейін осы колледждің базасында Мәскеу Ислам университеті құрылған еді.

Бұған қоса, меймандар әлемнің түкпір-түкпірінен алдырылған Құранның өзге де сирек кездесетін даналарымен танысты.

Перейти к новостям спорта