Мәскеуде РФ Федералдық жиынының Федералдық кеңесінде Қазақстан парламенті сенатының күндері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде РФ Федералдық жиынының Федералдық кеңесінде Қазақстан парламенті сенатының күндері өтеді

Мәскеуде РФ Федералдық жиынының Федералдық кеңесінде Қазақстан парламенті сенатының күндері өтеді

Бүгін, 28-қазанда еліміз парламентінің жоғарғы палатасының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов бастаған өкілдер РФ Федералдық жиынының Федералдық кеңесінде өтетін Қазақстан парламенті сенатының күндеріне қатысу үшін Мәскеуге аттанады.

  • 28 Қазан 2003
  • 363
Фото - Caravan.kz

Сенаттың БАҚ-тармен байланыс жөніндегі бөлімінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, РФ Федералдық жиынының Федералдық кеңесіндегі сенат күндері Ресейдегі Қазақстан жылына орай өткізілгелі отыр. ҚР парламенті сенатының күндерінің салтанатты ашылу рәсімі 29-қазанда өтеді.

Шара бағдарламасына сәйкес «Ресей және Қазақстан : өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету үшін заңнамаларды үйлесімге келтіру жолдары » деген тақырыпта бірлескен парламенттік тыңдаулар , сондай-ақ, шекаралық ынтымақтастық, шағын және орта бизнесті дамытуды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, сот-құқықтық реформалардың басты бағыттары деген мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер өткізу көзделген. Жоғарғы палата депутаттары сондай-ақ, денсулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыздық және жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру жөніндегі мәселелер бойынша заңнамалық базаны дамыту тұрғысында өзара тәжірибе алмасады.
Сенат күндері аясында қазақстандық өкілдердің жетекшісі, ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясының төрағасы О.Әбдікәрімов ЕурАзЭҚ-тың бас хатшысы Григорий Рапотамен және Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжамен кездеседі деп күтілуде.
30-қазанда ҚР парламенті сенатының төрағасы О.Әбдікәрімов пен РФ Федералдық жиынының Федералдық кеңесінің төрағасы Сергей Миронов ресейлік және қазақстандық журналистерге арнап бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар