Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесі сарапшылар тобының отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесі сарапшылар тобының отырысы өтеді

Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесі сарапшылар тобының отырысы өтеді

Бүгін, 11-тамызда Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесінің жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.

  • 11 Тамыз 2004
  • 399
Фото - Caravan.kz

ТМД Атқару комитетінің мәскеулік бөлімшесінен Ресейдің «Новости» ақпарат агенттігіне хабарлағанындай, сарапшылар Достастық елдерінің 2010-жылдара дейінгі астық рыногын құру және оның жұмыс істеуінің басым бағыттарының жобасын сарапқа салады.

Сондай-ақ, ТМД елдерінің темір жол транспорты саласында өзара келісілген тариф саясатын белгілеу тұжырымдамасы жөніндегі ТМД үкімет басшылары кеңесінің 1996-жылғы шешімінің орындалуы мен Достастық елдерінің 2004-жылғы фрахт жылындағы темір жолға қатысты тариф саясаты туралы тәптіштейді.
Сондай-ақ, «Батыр Брест бекінісі» ескерткіш кешенін күрделі жөндеу және реставрациялау жұмыстарын ТМД елдерінің үлестік жарнамен қаржыландыруы жөніндегі ТМД үкімет басшылары кеңесі шешімінің жобасы қаралады.
Отырыста сондай-ақ, Бүкіләлемдік кеден ұйымының ТМД елдері бойынша құқық қорғау жұмыстары жөніндегі аймақтық RILO-Москва байланыс торабының жұмысы мен Қазақстанның сауда-саттық саясаты туралы да талқыланады.

Перейти к новостям спорта