Жарияланды: 420

Мәскеуде ТМД елдері Экономикалық Кеңесінің экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясының отырысы өтеді

21-қаңтарда Мәскеуде ТМД елдері Экономикалық Кеңесінің экономикалық мәселелер жөніндегі комиссиясының отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 22-23-қаңтарда Минск қаласында президенттік және парламенттік сайлауларға, сондай-ақ, ТМД-ға қатысушы елдерде өткізілетін референдумдарға ТМД атынан қатысатын бақылаушылар миссиясының тәртібінің жобасын дәйектеуге бағытталған сарапшылар кеңесі өткізіледі. 27-қаңтарда Мәскеуде ТМД органдары мен олардың қаржылық қызметтері басшыларының қатысуымен осы органдардың 2003-жылғы шығындар сметасының орындалуы және 2005-жылға арналған шығындар сметасының жобасына қатысты әдістемелік кеңесі өткізіледі деп межеленген. Сол күні Минскде ТМД-ға мүше-елдердің автокөлік құралдарын тонауға қарсы күрес және олардың иесіне кері қайтарылуын қамтамасыз ету бағытындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім жобасы бойынша мәмілеге келу және оны дәйектеу жөніндегі сарапшылық топтың отырысы өткізіледі. Сондай-ақ, ТМД-ға қатысушы елдердің ішкі істер министрлері кеңесі тарапынан ұсынылған Ұйымдасқан қылмыспен және басқа да аса қауіпті қылмыс түрлерімен күресті үйлестіру жөніндегі Бюро құрамында есірткі және прекурсорлардың заңсыз айналымымен күресті үйлестіру жөніндегі құрылымдық бөлімше мен Орталық Азия аймағындағы аймақтық оперативтік топтарды құру туралы шешімнің жобасы да осы отырыста қаралады. ТМД-ға қатысушы елдердің сарапшыларынан құралған жұмыс тобының Достастық аумағында лизинг операциясын дамытуға жағдай жасау жөніндегі мемлекетаралық келісім жобасын дайындауға бағытталған отырысы 28-қаңтарда Мәскеуде өтеді. Ал 30-қаңтарда Минск қаласында ТМД-ға қатысушы елдердің өкілдері мен сарапшыларының қатысуымен Достастық аумағындағы түрлі шиеленістерді реттеу және олардың алдын алу жөніндегі арнаулы өкілі туралы Келісім жобасы бойынша пікір қайшылықтарын реттеуге бағытталған отырысын өткізу межеленіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін