Мәскеуде ТМД елдерінің ұлттық БАҚ-тарының III форумы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде ТМД елдерінің ұлттық БАҚ-тарының III форумы ашылды

Мәскеуде ТМД елдерінің ұлттық БАҚ-тарының III форумы ашылды

Мәскеу. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәскеуде ТМД елдерінің ұлттық БАҚ-тарының III форумы ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД-ға қатысушы елдердің мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Желтоқсан 2008
  • 535
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1 желтоқсан, дүйсенбіде Мәскеуде ТМД елдерінің ұлттық БАҚ-тарының III форумы ашылды. Оған «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының БАҚ-тары мен гуманитарлық әлеуеті» тақырыбы арқау болған.

III форумның бағдарламасында «Посткеңестік кеңістік: өзгермелі әлемдегі тұрақты ақпараттық серіктестік. Гуманитарлық аспект» тақырыбында жалпы отырыс пен баспа БАҚ-тар, радио және телевидение, ақпараттық агенттіктер мен интернет-басылымдар тақырыбындағы секциялық жұмыстар, дөңгелек үстелдер, ашық пікір алмасатын пікірсайыстар, Мәскеу мен ТМД елдерін қосатын бейнекөпірлер өткізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар