Мәскеуде "ТМД: отын-энергетика және шикізат ресурстары" атты мемлекетаралық көрме-форум өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 482.53
  • 555.44
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде "ТМД: отын-энергетика және шикізат ресурстары" атты мемлекетаралық көрме-форум өткізіледі

Мәскеуде "ТМД: отын-энергетика және шикізат ресурстары" атты мемлекетаралық көрме-форум өткізіледі

Тамыздың 24 мен 27-сі аралығында Мәскеудегі Бүкілресейлік көрме орталығында "ТМД: отын-энергетика және шикізат ресурстары" атты мемлекетаралық көрме-форум өткізіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ТМД атқару комитетінен хабарлады.

  • 23 Тамыз 2004
  • 1405
Фото - Caravan.kz

ТМД Атқару комитетінен хабарлағанындай, төрт күнге созылатын көрме жұмысы барысында ТМД отын-энергетика, шикізат, машина жасау кешенінің компаниялары өз қарамағындағы озық технологиялар, материалдар, құрал-жабдықтар, құрылыс техникасы, мұнай кеніштерін іздеу және барлау технологиялары мен арнаулы киім-кешектерді ортаға салады.

Көрме-форумға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украиналық компаниялар қатысады.