Мәскеуде ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Мәскеуде ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

25-қарашада Мәскеуде ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін, 21-қарашада журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Е.Ашықбаевтың айтуынша, кездесу барысында 30-дай құжатқа қол қойылады.

  • 21 Қараша 2005
  • 414
Фото - Caravan.kz

Кездесуде Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің арасындағы өзара қаржы мәселелерін реттеу және сынақ полигондарын пайдалану шарттары туралы келісімге қол қою көзделіп отыр.

Сонымен бірге Қазақстан аумағында орналасқан сынақ полигондарын жалға алу жөніндегі РФ және Қазақстан үкіметі арасындағы бірқатар шарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттамаларға қол қойылады деп күтіліп отыр. Атап айтсақ, Ресей Федерациясының 4-ші мемлекеттік орталық полигонының нысандары мен алаңдарын, Ресей Федерациясының 929-шы мемлекеттік ұшу сынақтары орталығының нысандары мен алаңдарын, Ембі және Сары Шаған сынақ полигондарын жалға алуға қатысты келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
СІМ өкілінің хабарлауынша, ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысы барысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов пен РФ үкімет басшысы Михаил Фрадковтың жүзбе-жүз кездесуін өткізу межеленген.

Перейти к новостям спорта