Қазақстан Республикасының Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков пен Мәскеу мэрі Юрий Лужковтың кездесуі барысында осындай келісімге қол жеткізілді.
Дипломатиялық үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мәскеу мэрі елшіліктің 1931-1934 жылдары қазақтың белгілі мемлекет қайраткері, РСФСР Халық комиссарлар кеңесі төрағасының орынбасары болған Тұрар Рысқұлов тұрған Мәскеудегі №14 үйге мемориалды тақтайша орнату туралы бастамасына қолдау білдірді.