Мәскеуде тұратын зағип қыз "Отан Ана" әнін естігеннен кейін қазақша үйрене бастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде тұратын зағип қыз "Отан Ана" әнін естігеннен кейін қазақша үйрене бастаған

Мәскеуде тұратын зағип қыз "Отан Ана" әнін естігеннен кейін қазақша үйрене бастаған

Мәскеуде тұратын зағип қыз Викторияның "Вконтакте-сіндегі" өзі туралы мәліметте "18 жас" деп тұр. Ал Whatsapp-та өзін "Жаным сол" деп сақтаған. Ол Димаш Құдайберген мен басқа да қазақ әншілерінің шығармашылығын ұнатады. Өзі да қазақша ән салып көрген.

  • 6 Қаңтар 2017
  • 2094
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Эврика" газеті жазды.

Викторияның қазақ тіліне деген қызығушылығы 15 жасында ояныпты. "Батырхан Шүкеновтің "Отан Ана" әнін естігенде, менде бір өзгеріс пайда болды. Қандай сезімде болғанымды айтып жеткізу қиын… Ғажап ән. Батырхан оны өз Отанына деген мақтанышпен орындаған болуы керек. Сондай сезімі маған жеткен шығар. Міне, сол кезден бастап мен қазақ тілін үйренуге кәдімгідей кірістім" дейді ол.

Виктория егер жәйлап сөйлесеңіз, біраз сөздерді түсіне алады. Сонымен қатар, көкөністердің атын біледі. Бір өкініштісі, осы тұрғыда зағиптарға арналған кітаптың жоқтығы оған қиындық тудырып отыр.