Мәскеуде ұшақтың есігін жаппақ болған бортсерік биіктен құлап кетті
![]() |
|
Мәскеудегі Внуково әуежайында Utair компаниясының стюардессасы ұшақтан құлап кетті. Қыз ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Рен ТВ басылымына сілтеп Stan.kz.
Ұшақ Мәскеу әуежайынан Ханты-Мансийскке ұшуға дайындық жүргізіп жатқан. Белгілі болғандай, жолсерік жерде тұрған қызметкерлерден тамақ салынған контейнерлерді алмақ болғанда аяғы тайып кетіп, 3-4 метри биіктіктен перронға құлаған.
«Қызды жедел түрде ауруханаға жеткізді. Біздегі ақпарат бойынша, оған медициналық көмек көрсетілген. Қазір ауруханадан шықты», – деп мәлімдеді Utair компаниясының сыртқы байланыс бөлімінің маманы Анастасия Шуптар.
Қазіргі уақытта әуекомпаниясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сыртқы байланыс бөлімі маманының сөзінше, компания қызметкеріне тиісті көмек көрсетіледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін