Мәскеуде ұшақтың есігін жаппақ болған бортсерік биіктен құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде ұшақтың есігін жаппақ болған бортсерік биіктен құлап кетті

Мәскеуде ұшақтың есігін жаппақ болған бортсерік биіктен құлап кетті

Мәскеудегі Внуково әуежайында Utair компаниясының стюардессасы ұшақтан құлап кетті. Қыз ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді, деп хабар

  • 24 Желтоқсан 2017
  • 199
Фото - Caravan.kz

Мәскеудегі Внуково әуежайында Utair компаниясының стюардессасы ұшақтан құлап кетті. Қыз ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Рен ТВ басылымына сілтеп Stan.kz.

Ұшақ Мәскеу әуежайынан Ханты-Мансийскке ұшуға дайындық жүргізіп жатқан. Белгілі болғандай, жолсерік жерде тұрған қызметкерлерден тамақ салынған контейнерлерді алмақ болғанда аяғы тайып кетіп, 3-4 метри биіктіктен перронға құлаған.

«Қызды жедел түрде ауруханаға жеткізді. Біздегі ақпарат бойынша, оған медициналық көмек көрсетілген. Қазір ауруханадан шықты», – деп мәлімдеді Utair компаниясының сыртқы байланыс бөлімінің маманы Анастасия Шуптар.


Қазіргі уақытта әуекомпаниясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сыртқы байланыс бөлімі маманының сөзінше, компания қызметкеріне тиісті көмек көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар