Жарияланды: 320

Мәскеуде Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше елдер ұйымының қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді

9-желтоқсанда Мәскеуде Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше елдер ұйымының қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РФ СІМ-нің баспасөз қызметінің хабарламасынан мәлім болды.

Отырыста Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Душанбеде президенттердің қатысуымен өткен сессиясы шешімдерін жүзеге асыру барысы туралы мәселе қаралады. Сондай-ақ, Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше елдер ұйымының бірлескен штабының іс-қызметін реттейтін құжаттар, ұйымның 2004-жылға арналған бюджетінің жобасы, Орталық Азиядағы Ұжымдық шұғыл әрекет етуші күштерді басқару туралы мәселелерді талқылау жоспарланған. Атап айтсақ, бұл жердегі әңгіме Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше елдер ұйымының бірлесіп пайдалануына арналған Орталық Азия аумағындағы әскери нысандар туралы, сондай-ақ, Ұжымдық шұғыл әрекет етуші күштерге арналған шұғыл аэродромдар ауданын жабдықтау жайында болып отыр. Кеңеске қатысушылар сондай-ақ, Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше елдер ұйымы мен Солтүстік Атлантикалық Альянс арасындағы диалогтың басты бағыттары жайында да сарапқа салмақ. Отырысқа Тәжікстан қорғаныс министрі Шерали Хайруллоев төрағалық жасайды. Қазіргі жағдаймен Ұжымдық Қауіпсіздік Келісіміне мүше елдер ұйымына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей қамтылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін