Мәскеуде жақын уақыттарда ЕурАзЭҚ-ты дамытуға арналған бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 481.83
  • 556.8
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде жақын уақыттарда ЕурАзЭҚ-ты дамытуға арналған бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өтеді

Мәскеуде жақын уақыттарда ЕурАзЭҚ-ты дамытуға арналған бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өтеді

АСТАНА. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. Мәскеуде жақын уақыттарда ЕурАзЭҚ-ты дамытуға арналған бірқатар жұмыс бабындағы кездесулер өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2006
  • 347
Фото - Caravan.kz

Мәселен, бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар еткеніндей, 19-20-қыркүйекте Мәскеуде Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі келісімге біріккен елдер мен ЕурАЗЭҚ елдері аясында Кедендік одақ құру жөніндегі реттеу құжаттарына жасалған салыстырмалы талдауды талқылау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтеді.

Сондай-ақ, қыркүйектің 21-і мен 22-сі күндері Мәскеуде ЕурАзЭҚ-тың Тұрақты өкілдері комиссиясының 40-шы отырысы болатынын да мәлімдеді. Бұл комиссияның отырысында кедендік бақылау, сақтандыру және техникалық реттеу салаларындағы бірлескен іс-қимылға қатысты мәселелер сөз болып, ЕурАзЭҚ-тың 2007 жылға арналған бюджетінің жобасы мен ағымдағы іс-қызметі талқыланады деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті