Мәскеуде жетінші халықаралық "Мұнай және газ 2003" көрмесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде жетінші халықаралық "Мұнай және газ 2003" көрмесі өтеді

Мәскеуде жетінші халықаралық "Мұнай және газ 2003" көрмесі өтеді

24-маусымда Мәскеуде жетінші халықаралық "Мұнай және газ 2003"/ MIOGE 2003 көрмесі өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне көрмені ұйымдастырушы ITE Group PLC компаниясы таратқан хабарламадан белгілі болды.

  • 23 Маусым 2003
  • 483
Фото - Caravan.kz

MIOGE 2003 көрмесі — мұнай, газ және энергетика өнеркәсібі саласындағы жетекші компаниялардың халықаралық ауқымды бас қосуы болып табылады. Көрме мұнай және көгілдір отын өндіру, көмірсутегі шикізатын өңдеу және тасымалдау саласындағы шетелдік және Ресейлік ең соңғы жетістіктерді , сондай-ақ, мұнай және газ өнеркәсібіне арналған озық жабдықтар мен технологияларды салалық білгір мамандар назарына ұсынуға мүмкіндік береді.

Көрмеге дүниежүзінің 30 елінен 500-ден астам компания қатысып, Ұлыбритания, Германия, Иран, Италия, Қазақстан, Норвегия, Финляндия, Франция және Швеция мемлекеттерінен мұрағаттар қойылады. Атап айтсақ, «Транснефть», ЛУКОЙЛ, ТНК-ВР, Роснефть, ЮКОС, Стройтрансгаз, ChevronTexaco, Caterpillar, Honeywell, PetroAlliance Services, Shell, China National Petroleum Co. (CNPC), Statoil, Saipem, Petronas, Fortum, Weatherford, Varco, FMC, Siemens, Argus тәрізді мұнай компанияларының стендтері ортаға салынбақ. Көрмеге 25 мыңнан астам мамандар қатысады деп күтілуде.
MIOGE 2003 көрмесіне арқау болатын басты тақырыптарға тоқталсақ : геология және геофизика ; мұнай және көгілдір отыр қорын барлау, өндіру, тасымалдау, өңдеу және сақтау ; қоршаған отаны қорғау; металл және құбырлар ; құбыр жүйелері ; бақылау- өлшемдік жабдықтар мен автоматтандыру құралдары ;қауіпсіздік және өрттен қорғау қызметі ; компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыздық.
Халықаралық көрме шеңберінде маусымның 24 мен 26-сы аралығында Ресейдің мұнайгаз конгрессі өтеді деп жоспарланған. Конгрессті дүниежүзілік мұнай конгресстері жөніндегі Ресей Ұлттық комитеті мен халықаралық Мәскеу мұнайгаз клубы ұйымдастырады. Шараға Ресей Федерациясының энергетика министрлігі қолдау көрсетеді.
Конгрессте Ресейдің мұнайгаз кешенін дамытудың өзекті мәселелері сарапқа салынбақ. Оған Ресейлік, Қазақстандық және халықаралық мұнайгаз компанияларының басшылары, мемлекеттік қайраткерлер мен саланың жетекші сарапшылары қатысып баяндама жасайды.
Көрменің ашылу салтанаты Мәскеудің Красная Пресня көшесіндегі «Экспоцентр» орталығында 24-маусымда күндізгі сағат 12-де өтеді. Көрме 27-маусымға дейін жалғасады.